Қырғыз Ұлттық банкі: сомның бұдан әрі арзандауына негіз жоқ

Қырғызстан Ұлттық банкінің басшысы Толкун Абдыгулов 11 наурызда журналистермен кездесіп, сомның арзандау себебін түсіндірді. Ол ұлттық валюта құнының түсуін одақтас елдердегі өзгерістердің әсері деп атады.

Абдыгуловтың айтуынша, интервенция мәселені шешуі тиіс. «Кеше Ұлттық банк интервенция өткізді, өйткені сұраныс көп болып, алаңдаушылық тудырды. Бірақ біз бұл сұранысты жаптық. Қазір ешқандай проблема жоқ, доллар мен евро, басқа да валюта жеткілікті. Ешқандай шектеу жоқ», – деді Абдыгулов.

Ұлттық банк басшысының мәлімдеуінше, сомның әрі қарау арзандауына негіз жоқ, Қырғыз экономикасы өсіп жатыр, ал коронавирусқа байланысты кейбір өзгерістерді уақытша деп қабылдаған жөн.

11 наурызда Ұлттық банктің ресми сайтында доллар бағамы 69,85 сом деп көрсетілген. Коммерциялық банктер мен айырбас бюроларының сайттарында бір доллар 72,76-72,96 сом тұрады.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған