Тәжік әскеріне ерікті түрде жазылғандарға көлік жүргізу куәлігін береді

Тәжікстанда Хатлон облысының билігі жастарды әскерге шақырудың жаңа әдісін ойлап тапты. Еріктілер көлік жүргізу курсын тегін оқиды.

Өткен жылдары Тәжікстандағы қалалар мен аудандар әскерге өз еркімен барған жастарға жер уәде еткен, бірақ ол ақыры орындалмай қалды. Бұған әскерден қайтқан жастар наразы болды.

Хатлон облысының әкімшілігі көлік жүргізу куәлігіне қатысты уәдесінде тұратынын мәлімдеген. Тәжікстанда көлік жүргізу куәлігін алу үшін гамамен 3 мың сомони (300 доллар) тұратын курстан өту керек.

Көлік жүргізу куәліктері бар жастар әскерде жүргізуші болып жұмыс істей алады. Олар үш айда жүк көліктерін жүргізуді, жөндеуді үйренеді.

Тәжікстанда әскерге шақыру жылына екі мәрте – көктем мен күзде жүреді. Жылына 18-27 жас аралығындағы 15-16 мың жас әскер қатарына қабылданады.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған