Света Айтбаева қазақ елі мен қазақ тіліне құрметі үшін Украина әуежайына алғысын жеткізді

Бүгін Димаш Құдайберген мінген рейс Украинаға келіп қонды. Киев әуежайы әншіні қазақ тілінде қарсы алды. Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында Димаштың анасы Светлана Айтбаева жазды.

«Украина жеріне алғашқы қадам басқан сәтте керемет тосын сыйға куә болдық. Киев аэропорты Димашты қазақ тілінде хабарлама жасап қарсы алды. Елімізге, біздің тілімізге құрмет үшін рахмет айтамыз», – деп жазады Светлана Айтбаева.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенді Жапонияда қазақ тілінде қарсы алған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған