
«Отбасы — шағын мемлекет» демекші, екі жас болашақ отбасын құру мәселесіне аса жауапкершілікпен қарау керек. Сондықтан қазіргі таңда «қыз алып қашу» өзекті мәселелердің бірі болып отыр. «Қыз алып қашу» салты ежелден келе жатқан ұлтымыздың дәстүрінде болған. Кей жағдайда осы дәстүрді жастар дұрыс түсінбей жатады. Мысалы, бірін-бірі сүйген қыз бен жігіт өзара келісіп қосылады. Бұл әрекет «қыз алып қашудың» түрі болып саналады. Мұндай қадамға үйлену тойындағы шығынды ықшамдау үшін барады.
Алайда, ұлтымызға жат қылықтар, еркінен тыс «қызды алып қашу» факторлары жиі орын алып келеді. Осындай тағылық жағдайда кейбір жігіттер қызды күштеп, өңгеріп көлікке салып алып қашып жатады. Танымайтын жігітке қосылуға қыз қарсылық білдіріп көнбеген жағдайда көбінесе араға жігіттің туысқандары (үлкен әжелері мен жеңгелері) психологиялық тұрғыда шабуыл жасап, қызды көндіруге тырысады. Яғни, босаға аттап, басына орамал салғаннан кейін қыз амалсыздан көніп жатады.
«Сол алып қашқан түні көнбегенде осындай жағдайға душар болмас едім»
Осындай оқиғаны басынан өткізген Тұрсын есімді қыз (кейіпкеріміздің есімі өзгертілген — ред.) өмірінің өкінішке толы екендігін баяндады. Құрбысының туған күніне барған Тұрсынды бір жігіт байқап, ұнатып қалуы керек, сол түні автокөлігіне күштеп отырғызып, қызды алып қашады. Бірақ, сол кезде Тұрсын өзінің сөз байласқан жігіті бар екенін айтса да, көнбей, жігіт қызды өз үйіне әкеледі.

Сол кезде Тұрсынның басына орамал салып, босаға аттатқызады. Ал, Тұрсын шарасыздық танытып, сол үйге келін болуға көнеді. Олардың отбасы құрғанына 7 жыл болса да, арада сәби болмады, Тұрсын енесімен тіл табыса алмай, күйеуімен мінездері жараспады. Сол жылдарда қол көтеру, алдау, ұрыс, түсінбеушілік, бір-бірін айыптау секілді факторлар орын алды, ақырында ол күйеуімен ажырасып тынды. «Сол алып қашқан түні көнбегенде осындай жағдайға душар болмас едім» деп Тұрсын өкінішпен еске алады.
Статистикалық мәліметтерге қарасақ, 2018 жылы адам ұрлау фактісі бойынша Ақтөбе облысында 11 іс тіркелген. Соның ішінде 10-ы қылмыстың белгелері болмағандықтан іс жабылды. 1 іс қылмыс толық ашылмағандықтан ашық күйінде қалды.
«Көзді жұмып, ұятты қойып туған жеріме, төркініме кетіп қалғым келеді»
Осыған ұқсас оқиғамен тағы бір Роза есімді кейіпкеріміз өз өмірінде болған жағдайымен бөлісті. Розаны студент кезінде танымайтын жігіт автокөлігіне күштеп отырғызып, Атырау облысындағы шалғайдағы ауылға алып қашады. Көнбей, қарсылық танытқан Розаны жігіттің туыстары үйіне қайтып кетуге болмайтынын айтып көндіреді. Сол кезден бері 12 жылдай уақыт өтті.
Қазіргі кезде Роза 4 баланың анасы.
Отбасы болғасын кей кезде ерлі-зайыптылар арасында «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» дегендей түсініспеушіліктер болған сәтте Роза өзінің жалғызсырайтынын, ішкі дүниесін ешкіммен бөлісе алмайтынына қынжылады. Алып қашқан күйеуі Розаны дос, құрбы, кластастарымен араластырмайды. Кей жағдайда қызғаныштан қол көтеретін кез де болып тұрады. Осының барлығына көніп келген Роза «көзді жұмып, ұятты қойып туған жеріме, төркініме кетіп қалғым келеді» деп өзегі өртеніп өкінеді.
2019 жылы 9 іс тіркеліп, екеуі сотқа жіберілді, біреуі толық ашылмағандықтан тоқтатылды, 6 іс қылмыстық белгілері болмағандықтан жабылды.

Басынан өткен жағдайды әзілмен, қуанышпен еске алады
Ал, енді «алып қашу» салтымен қосылған тағы бір кейіпкеріміздің өмірі жайлы сөз қозғалық. Әлия есімді кейіпкерімізді де танымайтын бір жігіт 18 жасында алып қашады. Әлия жігіттің туыстарының сөзін жерге тастамай еріксіз көнген. Содан бері 20 жыл уақыт өтті. Сол жылдар ішінде Әлия жолдасымен, оның туыстарымен тез тіл табысып кеткен. Бүгінде өмірге 2 ұл, 1 қыз әкеліп, оларды оқытып, тәрбиелеп жеткізген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған жұптары жарасқан отбасы болып отыр. Әлия апамыз өзінің басынан өткен жағдайды әзілмен, қуанышпен еске алады.
«Қыз алып қашу» мәселесін тек қана психологиялық тұрғыдан қарамай, құқықтық жауапкершілікті де назарға алуымыз тиіс. Еріктен тыс қызды алып қашу факторлары орын алған жағдайда қыздың ата-анасы, туысқандары сотқа жүгіну арқылы әділеттілікті орнатуға болады. Алайда, көп жағдайда мұндай мәселелер сотқа дейін жеткізілмей өзара келісіліп іс жабылады. Қазақстанда арнайы қызды алып қашу бабы қарастырылмаған. Жалпы түрде ҚР Қылмыстық кодексінде «Адам ұрлау» бабына сүйене отырып, жазаға тартылады.
Айгуль Саимова,
Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті
«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.
Саламатсыз ба. Онтустикте кен тараган гой. Ериксиз алып кашу негизи болмайды деп ойлаймын.
Еріксіз алып қашса өте қатаң түрде жазалау керек қой
Келісемін.
Все должно быть по согласию. Насильно мил не будешь, почему же мужчины этого не поймут.
Кыздын келисиминсиз алып кашу дурыс емес. Береудин келисиминсиз биреудин кукыгын таптауга болмайды
Екі жастың келісімімен, қалауымен жасалу керек бұл әрекет. Егер басқа жолды қарастырмайтын болса
Негізі алып қашу дәстүрінің мәнін қазіргі жастар дұрыс түсінбейді-ау шамасы . Алып қашуды , егерде қыздың ата-анасы қарсы болса, қызды еріксіз ата-анасы басқа біреуге күйеуге бергелі жатса немесе қыздың жағы той жасай алмайтын болса ғана жігіт пен қыз келісім арқылы бұндай қадамға барған. Соны дұрыс ұғына білу керек .
Меним ойымша алып кашу дурыс емес. Ол адамның омирин тағдырын куртады.
Мені еркімнен тыс алып қашса, заңға жүгінер едім.
Алып кашу деген бириншиден заңға қайшы келетін амал. Өз басым карсымын.
Алып кашуга карсымын, ен болмаганда Ата анасынын алдынан отуге болады гой, зан бар казир алып кашу ерикинен тыс болса.
Отбасы екі жақтын келісімімен, екі жастын махаббатымен құрылу керек деп есептейм. Оз басым алып қашуға қарсымын
Алып кашуга кыз бала карсы болмаса гана болады деп ойлаймын. Барлыгы келисиммен болса.
Алып қашу фактісі көп елімізде. Ол хайуандық. Заң алдында жауап беру керек. Өкінішке орай, көбісі ұятты алға қойып, іс қозғамайды.
Негизи кыз алып кашу деген бурыннан келе жаткан салт. Бирак, арине оз еркимен. Ал, ериксиз зорлык-зомбылыкпен алып кашу дурыс емес.
Принудительное похищение должно быть наказано! Что за варварство! Другое дело, когда по обоюдному согласию!
Бәрі келісіммен болу керек, алып қашу деген өткен ғасыр деп ойлаймын
4 ай бұрын алып қашу арқылы келінді болғанмын. егер бәрі екі жақтың келісімімен болса қолдаймын.
Нужно правильно рассказывать молодежи о традициях.
Мы живем не в каменном веке, так нельзя…это наказуемо!
Это очень жестоко, за все можно наказать, ладно бы если все по обоюдному, то спору нет
Казирги танда кыз алып кашу деген аты болмаса,коп жагдайда кыздын келисимимен болып жатады гой.Ал еркинен тыс бас салып алып кашса, зан бойынша катан жазасын беру керек
17 ге келп калган кызды келсммен брак ата анасы келспи алп кашса, ягни кыз оз еркмен келсе жгтты соттайды ма?
Тек ата ана келспи кыз келссе, кыздн жасы 16 да болса? Калай болады