Қырғызстанда жеке мәліметтерді қорғау жөнінде орган құрылады

Қырғызстанда азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау жөнінде орган құрылады. Бұл туралы Байланыс және ақпараттық технология жөніндегі мемлекетік комитетінің төрағасы Дастан Догоев Жогорку Кенеш отырысында мәлімдеді.

Догоевтың айтуынша, жаңа орган 2-3 айдың көлемінде құрылады.

«Азаматтардың жеке мәліметін қорғау жөніндегі орган құру қажеттілігі жол картасында айтылған. Біздің комитет жоба әзірлеп, үкіметке ұсынды. Қазір құжат талқыланып жатыр», – деді Догоев.

PALM TRAVEL – Бізбен бірге саяхатта! 

2019 жылы желтоқсанда премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау жөніндегі мемлекеттік органды 2020 жылдың ақпанына дейін құруды тапсырған.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған