Рас-өтірігін бірге анықтайық: «Тілші» сайтында Factcheck айдары ашылды

«Тілші» сайтында Factcheck айдары ашылды. Ақпараттың ақ-қарасын ажырату мақсатында ашылған бастамаға оқырмандар да атсалыса алады. Ол үшін күмәнданған ақпаратты редакцияға (tilshi.media@gmail.com немесе +7 778 523 44 96 WhatsApp нөміріне) жолдайсыз. Ал, біз «Тілші» сайтының серіктестері – фактчекерлердің көмегімен ақпараттың рас-өтірігін анықтаймыз.

Жалпы, «фактчек» термині заман ағымына сай пайда болды. Бүгінде көпшілік күнделікті толассыз тарап жатқан ақпараттың дұрыс-бұрысын ажырата алмайтын халге жетті. Жаңа айдар осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, ақпаратты тексеруге үлес қосу үшін ашылып отыр.

Айта кетейік, «Тілші» сайты Тәжікстандағы АҚШ елшілігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Фактчек бойынша бағдарламаның қатысушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған