Жалған | Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 10 күн демалады

WhatsApp желісінде Үкімет қаулысына ұқсас бланк көшірмесі тарап жатыр. Үкімет басшысы Асқар Маминнің есімі аталған ресми құжатқа ұқсас парақта 16-25 наурыз аралығы демалыс болып жарияланатыны сөз болған. Құжатқа ұқсас парақтың 24 ақпанда шыққаны көрсетілген, деп хабарлайды «Тілші».

Тексереміз.

Uchet.kz сайтында 2020 жылдың наурыз айында Наурыз мейрамына орай 5 күн демалыс болатыны көрсетілген. Қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығы демалады.

ҚР Үкіметінің сайтында қаулылар айдарында 24 ақпанда жарияланған құжатты таппадық. Соңғы қаулы қаңтар айында жария етілген.

Сонымен бірге, құжат ресми бланкке ұқсамайды. Реттік нөмірі көрсетілмеген. Премьер-министрдің қолы қойылмаған. Мөр жоқ.

Қорытынды: Жалған

16-25 наурыз демалыс болып жарияланады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған