«Құқықтық медиа орталық» II Қазақстандық медиа құқық мектебінің өткізілетіні туралы хабарлайды

Не үшін?

Медиа заңгерлердің БАҚ-ты сот және сотқа дейінгі деңгейде (диффамация, зияткерлік құқық, жеке өмірді) қорғау, заң шығару қызметіне қатысу, ақпаратқа қол жеткізу, құқықтық орта мониторингі мен сараптамасы, пікір білдіру бостандығы саласындағы халықаралық тәжірибе мәселерінде білімі мен тәжірибесін арттыру.

Кімдер үшін?

Аймақтық және республикалық ақпарат құралдарының заңгерлері, тәуелсіз заңгерлер, адвокаттар, медиа сарапшылар қатыса алады. Мектептің барлық үш тренингіне қатысу міндетті!

Кім, қайда және қашан?

Алғашқы «Интернеттегі жарияланымдар бойынша істерде журналистерді қорғаудың тиімді құралдары» тренингі 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Спикер – Саркис ДАРБИНЯН, киберқұқық саласында он жылдан астам тәжірибесі бар адвокат, “РосКомсвобода“ жобасының негізін қалаушылардың бірі, «Цифрлық құқық орталығының» басқарушы серіктесі, РФ Үкіметі жанындағы сараптама кеңесі «Связь и IT» жұмыс тобының мүшесі, киберқұқық бойынша тренер.

Келесі тренингтер 8-9 сәуірде өтеді және диффамациялық даулар мәселесіне, сонымен бірге БАҚ-тағы авторлық құқық пен жарнамаға арналады. Мектепке қатысу үшін lmc.kz сайтында өтініш қалдыру керек.

​Жұмыс тілі – орыс тілі. Мектепке қатысу тегін. Ұйымдастырушылар санаулы қатысушының жол және қонақ үйге орналасу шығындарын көтереді. Өтініш 1 наурызға дейін қабылданады.

Мектеп MediaCAMP Internews Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ халықаралық даму агенттінінің (USAID) қаржылау қолдауымен жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған