Димаштың құрметіне Түркиядағы жанкүйерлері алып орман өсірмек ниетте

Түркияда Димаштың құрметіне тал еккен жанкүйерлері алдағы уақытта жергілікті үкіметтің рұқсатымен алып орман өсірмек ниетте, деп хабарлайды «Тілші». Бүгінде бұл бастама құзырлы орындарда қарастылып жатыр.

«Біз Димаштың құрметіне Түркиядағы Ұлттық ағаш отырғыз күніне атсалыстық. Бір сағатта ел көлемінде 300 мыңнан астам тал отырғызылды. Гиннесс рекордтар кітабының өкілі арнайы қатысып, көрсеткішті жаңартты. Шараға қатысушылар өздері отырғызған ағаштарға ат қойды. Жанкүйерлері ретінде біз де өз ағаштарымызды Димаштың құрметіне арнадық. Түркияның бірнеше қаласында Димаш талы өсіп келеді», – дейді түрік жанкүйерлер DimashNews порталына берген сұхбатта.

Бүгінде Димаштың тыңдармандары Орман шаруашылығы мен өзге құзырлы тараптардан Димаштың құрметіне 1000 тал отырғызу мақсатында орын бөлу жөнінде келіссөздер жүргізі келеді.

«Қанша адамның үлес қосатынын айта алмаймыз, дегенмен, фан-топтардың барлық мүшесі атсалысады деп ойлаймыз. Біздің бастама әншіні қуантады деп сенеміз. Тіпті, болашақта Димаштың өзі бізбен бірге тал егетін болар», – дейді жанкүйерлер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған