Димаш барлық турнеден соң жақын достарымен демалғысы келетінін жеткізді

Мәскеуде бейресми форматта баспасөз конференциясын өткізген Димаш Құдайберген гастрольдік сапарлары аяқталған соң жақын достарымен демалғысы келетінін жеткізді, деп жазады «Тілші».

«Дәл қазіргі таңда мен концерт бергім келеді, клиптер түсіргім келеді. Барлық турнеден кейін достарыммен демалғым келеді. Тығыз жұмыс кестесі мен концерттер тынығуды қажет етеді», – деді ол.

Алайда, әнші қазіргі жұмыс кестесіне шағым айта алмайтынын жасырмады.

«Өмірімді музыкасыз, шығармашылықсыз, үздіксіз жұмыссыз елестете алмаймын», – дейді әнші.

Айта кетейік, 9 наурызда Мәскеуде Димаштың концерті өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған