Димаштың Мәскеудегі баспасөз конференциясын Игорь Крутойдың өзі жүргізді

Димаш пен Игорь Крутойдың арасына «іріткі салып» жүрген БАҚ өкілдерінің аузына құм құйылды. Жас әншінің Мәскеуде өткен баспасөз конференциясын өзге емес, композитор Игорь Крутойдың өзі жүргізді. Осылайша, ресейлік ақпарат құралдарында кеңінен тараған алып-қашпа әңгімеге нүкте қойылды, деп хабарлайды «Тілші».

Айта кетейік, бүгін Димаштың, әкесі Қанат Айтбаев пен сазгер-әнші Игорь Крутойдың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы бейресми жағдайда өтті.

Tilshi.kz «Азаматтық журналистер желісі» жобасына өтініш қабылдайды 

Кездесуде Димаштың 9 наурызда өтетін концерті туралы сөз болды. Осыған дейінгі жетістіктерін еске салған Игорь Крутой Димаштың осы жолғы концерті де жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

«Бағдарламаны «Арнау» деп атадық. Бірнеше елде, соның ішінде АҚШ-та концерт бердік. Енді Мәскеуде өтетін концертке қамданып жатырмыз. Менің концерттерім емтихан іспетті. Көрерменді алдау мүмкін емес», – деді Димаштың өзі.

Жас әнші Евровидение байқауына Ресейдің атынан қатыспайтынын тілге тиек етті. Димаш сонымен бірге, Қытайдағы жанкүйерлерінің жағдайына алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Коронавирусты емдеудің жолы тезірек табылатынына сенім білдірді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған