«Тілші» сайты «Азаматтық журналистер желісі» жобасына өтініш қабылдайды

Іріктеуден өткен қатысушылар алдағы бірнеше айда бізбен бірге журналистиканың қыр-сырын игеретін болады. Медиа қауымдастық арасында танымал тренерлер арнайы дәріс өткізеді. Жобаның бір ерекшелігі – авторларға қаламақы қарастырылған.

Жобаға қатысу үшін анкета толтырасыз. Ақпан айының соңғы күндері қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар есімі белгілі болады. Жеңімпаздар алдағы жарты жыл көлемінде «Тілші» сайтына материалдар дайындайды. Тақырып іздеу, материалдың формасын ойластыру, жазылу барысы, суретке, видеоға түсіруге дейін медиа саласының мамандары кеңес беріп отырады.

«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

Анықтама телефоны: +7 778 523 44 96

 

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған