Нұрлыгүл Көшекбаева Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Белгілі журналист Нұрлыгүл Көшекбаева Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Тілші» порталы Mugalzhar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін Нұрлыгүл Бердіханқызы облыстық Aqtobe арнасында директордың орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлыгүл Көшекбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын республикалық «Алтын Орда» газетінде бастаған ол кейін облыстық телеарнаның ақпараттар қызметінде еңбек етті.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әр жылдардағы әкімдері Елеусін Сағындықов, Архимед Мұхамбетов және Бердібек Сапарбаевтың баспасөз қызметкері лауазымдарында болды.

PALM TRAVEL – Бізбен саяхатта! Түркия, БАӘ, Малдивы, Үндістан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларынан

1 Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған