Ашғабадта ұялы телефон ұстаған оқушылардың ата-анасына айыппұл салып жатыр

Түркіменстан астанасында мектепте ұялы телефон ұстаған оқушылардың ата-анасына айыппұл салына бастады. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Екі мектепте телефон пайдаланғаны үшін оқушыларды полиция қызметкерлері алып кеткен жағдай кездескен.

«Тілші» медиа мектебі шақырады! Журналистикаға бізбен қадам жаса!

– Полиция бөлімшесіне ата-аналарды шақырып, оларға 100 манаттан айыппұл салып жатыр. Айыппұлды банк арқылы төлеуі тиіс. Төленді деген түбіртекті полиция бөлімшесіне алып барғанда ғана, тәркіленген телефондарды қайтарып береді, – дейді тілші.

Тілші дереккөзінің хабарлауынша, 11 ақпанда Ашғабад мектептерінде дәріс үстінде арнайы комиссия оқушылардың сөмкесін ашып тексерген.

– Комиссия құрамында мектеп директорлары, полиция өкілдері және сонымен бірге білім министрлігі қызметкерлері бар. Олар әрбір оқушының портфельдерін ашып, кітаптарын тексерген. Бұл әрі телефоны бар-жоғын тексеруге жақсы мүмкіндік, – деген ата-ананың бірі Азаттықтың Ашғабадтағы тілшісіне.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған