Қырғызстанда көмір кенін қазуға қарсы халық көтерілді

Қырғызстанда Алай ауданы Согонду ауылының тұрғындары 2,5 шақырым жерде орналасқан Тайгак-Таш аймағынан көмір қазуға қарсылық білдіріп жатыр. Жергілікті тұрғындар қоршаған ортаға зияны келіп, жергілікті дария суы былғанады дейді.

«Бұл аймақ біздің мал жаятын жайлау. Наурыз айынан бастап мал бағуға шығамыз. Көмір қазамыз деген компания әрекетіне біз басынан қарсы болғанбыз. Жұмыс басталса, дария суын да былғайды», – деді Согонду ауылының тұрғыны Миртемир Рахманбердиев.

Наразы тұрғындар Алай ауданы әкімі Замир Молдокуловпен кездесті.

Тайгак-Таш аймағындағы 119,93 гектар жерден «Бикипинг» компаниясы көмір іздеп жатыр. Үкімет бұл компанияға пайдалы қазбаны іздеуге 2017 жылдың желтоқсан айында үш жылға рұқсат берген.

Қырғыз үкіметі мәліметі бойынша, Алай ауданында кен қазуға лицензия алған 62 кәсіпорын бар.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған