Бердібек Сапарбаев Қордайда қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына көңіл айтты

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды, деп хабарлайды «Тілші» Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

«Президент Қ. Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады», — деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған