Қырғызстан британ журналының туризмді дамытып жатқан елдер тізімінде көш бастады

Wanderlust Travel Magazine британ журналы 2020 жылы «Туризмді дамытушы» номинациясы бойынша Алтын сыйлықты Қырғызстанға берді. Бұл туралы Ұлыбританияның Қырғызстандағы елшілігі хабарлады.

Елшілік дерегінше, сыйлықты тапсыру салтанатына Қырғызстанның Ұлыбританиядағы елшісі Эділ Байсалов қатысты.

«Бізге табиғатты бағалайтын, біздің мәдениетті білетін туристер керек. Wanderlust журналының оқырмандары сондай, сол себепті бұл сыйлық біз үшін өте маңызды» деді Байсалов.

Сыйлықты тапсыру салтанаты 30 қаңтарда Лондондағы «Олимпия» көрме орталығында өтті. Мұнда туристердің ірі жәрмеңкесі қтіп жатыр.

Wanderlust Travel Magazine – британдық танымал туристік журнал. Басылым жылына он рет жарыққа шығады. Журнал тиражы 80 мыңға дейін жетеді.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған