Қырғыз үкіметі балалардың жәбірленуін болдырмауға күш салады

Қырғызстан үкіметі балалардың жәбірленуін болдырмау үшін аудан штабтарының жұмысын күшейтеді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аудан штабтарының өкілдері мигрант балаларын тәрбиелеуші отбасыларды қадағалайды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді» делінген үкімет хабарламасында.

Үкімет азаматтардың балаларға жәбір көрсеткендер туралы мәліметпен бөлісуі үшін сенім телефонын (111) ашты. Осындай оқиғаға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына да хабарласа алады.

10 қаңтарда Ак-Су аудандық ауруханасына бір жастағы қыз ауыр жарақатпен түсті. Оны ауруханаға жеткізген әжесі немересі тұмауратып қалғанын айтқан. Бала ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Сараптама бір жастағы баланың соққыдан зардап шеккенін анықтады.

27 қаңтарда Созақ ауданында екі жастағы бала соққыдан қаза тапты. Туыстарының үйінде тәрбиеленген бала ауруханаға жетем дегенше жан тапсырған. Тергеу жүріп жатыр.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған