Қырғыз журналисі Турсунбек Бейшенбеков қамауға алынды — TilshiNews

Қырғыз журналисі Турсунбек Бейшенбеков қамауға алынды

Chyndyk.kg сайтының редакторы, журналист Турсунбек Бейшенбеков 20 қаңтарда әскери прокуратурада тергеуге алынғаннан кейін, оны әріқарай 48 сағатқа қамау жөнінде шешім қабылдаған. Бұл жөнінде оның адвокаты Чынар Жакупбекова мәлімдеді.

Турсунбек Бейшенбеков мұның алдында 16 қаңтарда жауапқа алынған. Оның сөзінше, бұл журналистік кәсібіне байланысты. Бейшенбеков алғашқы тергеуден шыққаннан кейін, сотқа дейінгі істің мәліметтерін жарияламау жөнінде тілхат бергендіктен бұл жайында ашық айтқан емес.

Бірқатар ақпарат құралдары Бейшенбеков ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асановтың ісі бойынша сұралып жатқанын жазған.

15 қаңтарда «Азия Ньюс» газетінің бас редакторы Асланбек Сартбаев та әскери прокуратурада бес сағат бойы тергелген.

«Азия Ньюс» газетіне мақалаларын жариялап келе жатқан журналист Динар Турдугулова Сартбаев газетке вице-премьер-министр Жеңиш Разаков бойынша шыққан мақалаға байланысты шақырылғанын жариялаған.

Әскери прокуратура бұл мәселе бойынша пікір білдірген емес.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған