Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Ақтөбе облысынан 20-ға жуық хабарлама келген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтар шағымданатын мемлекеттік органдар тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік Call-орталығының «1424» байланыс нөмірі азаматтардан сыбайлас жемқорлық деректері бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары жайлы хабарлама алу үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

«2019 жылы өңірлер бөлінісінде ең көп хабарлама Түркістан (148) және Алматы (137) облысынан, сондай-ақ Алматы қаласынан (112) түсті. Бұл барлық тіркелген хабарламаның жартысы», – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев.

Қалған 14 өңірден: Шымкент – 84, Нұр-Сұлтаннан – 76, Жамбыл облысынан – 63, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарынан – 30 бен 50 аралығында, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарынан – 20-ға жуық хабарлама келген.

«Азаматтар көбіне ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметін асыра пайдалану дерегі бойынша – 392 хабарласқан, білім саласында жұмысқа орналасуға, ата-аналардан қаражат жинауға көмек көрсеткені үшін заңсыз сыйақы талаптары бойынша – 136, АӘК есептеу, оның ішінде заңсыз сыйақы алу кезіндегі бұзушылықтар бойынша әлеуметтік қорғау салалары бойынша – 135, кедендік рәсімдерден өту кезінде заңсыз сыйақыларды талап ету бойынша – 97, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі бұзушылықтар, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру кезіндегі заңсыз сыйақылар талаптары және басқалар бойынша – 112 хабарлама түсті», – деді Қабиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған