Tilshi.kz рейтингі: Хромтау ауданы басшысы Нағымжан Алдияров көш бастады

Tilshi.kz сайтының телеграм-каналында ұйымдастырылған әкімдер рейтингінде Хромтау ауданы басшысы Нағымжан Алдияров (10 қаңтар, Астана уақытымен cағат 12-00-дегі жағдай бойынша) көш бастады. 3300-ден астам дауыстың 30 пайызы немесе 1000-нан астам дауыс моноқала әкіміне берілген, деп хабарлайды «Тілші».

24 пайыз немесе 800-ден астам дауысты Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов иеленді. Алғашқы үштікке, сонымен бірге, Ойыл ауданы басшысы Асқар Қазыбаев (шамамен 500 дауыспен) ілікті.

Әйтеке би мен Шалқар аудандары басшылары (Мәди Елеусізов пен Бауыржан Қаниев) 3 пайыз дауыстан (100 дауыс) иеленсе, Байғанин ауданы әкімі (Қайрат Отаров) 2 пайыз (67 дауыс), Алға ауданы басшысы 1 пайыз (33 дауыс) жинаған.

фото: rikatv.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған