Тәжікстанда Юлдуз Усманованың жалған концертін ұйымдастырушы ұсталды

Тәжікстанда көрермендерді алдау фактісі бойынша іс қозғалды. 25 желтоқсанда Юлдуз Усманованың концертіне келгендер шын мәнінде басқа адамы көрген.

Бұл оқиға бойынша тергеу ісі басталып, бір адам ұсталған.

Жанжал болған концерт 25 желтоқсанда Истаравшан қаласындағы «Садбарг» ресторанында болған. Юлдуз Усманованың концертін көреміз деп келгендер, оны емес басқа адамды көрген. Концерт көруге келгендер билетті 350 сомониден (35 доллар) сатып алған. Билетті 100-ден астам адам сатып алған.

Бұл оқиға бойынша тергеу барысында бірнеше адам сұрауға алынған.

Олардың ішінде ұйымдастырушылар Шерзод пен Жамшед бар. Шерзодтың айтуынша, өзін босатып, Жамшедті (Саиджон Ганиев) қамауға алған.

«Саиджон Ганиев Ташкентке барып Юлдуз Усманованы алып келемін деді. Бірақ оның орнына басқа адамды алып келгенде, өзім де таңқалдым», – дейді ол.

Юлдуз Усманова – Тәжікстанда танымал өзбек әншісі. Ол екі жыл бұрын Душанбе, Худжанд және Бохтарға барып концерт қойып кеткен.

Ал Юлдуз Усмановамын деп сахнаға шыққан шын мәнінде пародист Рустамходжа Усмонов болып шыққан. Оның өзі Инстаграм парақшасына алаяқтардың құрбаны болдым деп жазды.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған