Бабанов саяси мансабы аяқталғанын мәлімдеді

«Республика» партиясының негізін қалаушы Омурбек Бабанов ұйымның кезектен тыс съезінде саяси мансабы аяқталғанын жариялады, деп жазады centralasian.org.

Съезге жиналғандар партияның жаңа жарғысын дауысқа салып, саяси кеңес құрамын өзгертті. Одан соң Омурбек Бабанов сөйледі.

«Мен саяси қызметімнің аяқталғанын хабарлаймын. Жастарға орын беретін уақыт жетті. Жас жетекші деп Мирлан Жээнчороевты атағым келеді. Ол сөзінде тұратын адам», – деді Бабанов.

Жиналғандар Жогорку Кенеш депутаты Мирлан Жээнчороевты «Республика» партиясының жетекшісі деп сайлады.

2017 жылғы президент сайлауынан соң Бабанов елден кетуге мәжбүр болып, сол кезде де ол саяси мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Биыл 9 тамызда экс-депутат Бішкекке оралды.

Елге оралған Бабанов бірнеше мәрте тергелді. Желтоқсан айында оның «Қырғызстан» банкіндегі мүлкіне арест қойылған.

«Республика» партиясын Омурбек Бабанов 2010 жылы құрды. 2014 жылы партия «Ата Журтпен» бірігіп, «Республика–Ата Журт» альянсы пайда болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған