Владимир Зеленкий Украинада қаралы күн жариялады — TilshiNews

Владимир Зеленкий Украинада қаралы күн жариялады

Украина президенті Владимир Зеленский 8 желтоқсанда бүкіл ел бойынша қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы «Тілші» «Азаттыққа» сілтеме жасап хабарлайды. 4 желтоқсанда Одесса экономика, құқық, қонақүй мен мейрамхана бизнесі колледжінде өрт болып, 8 адам қаза тапқан.

Жексенбі Украинада мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары мен концерттер тоқтатылады. Телеарналар мен радиолардың бағдарламаларына да өзгеріс енгізілді.

Одесса облысы полициясы колледждегі өрттен кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.

7 желтоқсанда Одессада өрт болған колледж маңына адамдар жиналып, наразылық білдірді. Олар өрттің себебін анықтауды, салақтыққа жол бермеуді талап етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған