Дискриминацияға қатысты қазақстандық әйелдер халықаралық аренада қандай мәселе көтерді

Қазақстандық «Феминита» қорының өкілдері Әйелдерге қатысты дискриманиция жөніндегі комитеттің кезекті сессиясында ресми баяндамаға балама баяндама жасады. Бұл туралы аталған қордың өкілдері хабарлады.

Қазақстандық феминистік «Феминита» бастамасы Әйелдерге қатысты дискримниация жөніндегі комитеттің (КЛДЖ) 74 сессиясында Alma-TQ трансгендерлік бастамамен бірлесе әзірлеген балама баяндамасы туралы ресми парақшада жария еткен.

Баяндамада комитеттің мәселелер тізімі бойынша ұсыныстар мен ақпараттар келтірілген. Олардың қатарында стереотиптер мен оғаш тәжірибе, ЛБГТ әйелдерге қатысты гендерлік зорлық, әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге араласуы, ЛБКТ-әйелдердің денсаулығы туралы сөз қозғалыпты.

Қор келтірген деректерге сүйенсек, комитеттің үкіметтік емес ұйымдармен брифингі мен сұрақ-жауаптар сериясы аясында “Феминита” комитеттің сұрақтарына жауап берген.

Мәселен қорғалатын белгі ретінде жыныстық ориентация мен гендерлік ұқсастықты енгізетін антидискриминациялық заңнама қабылдау керектігі, Отбасылық кодекстен «жынысты хирургиялық жолмен өзгерту» туралы, сондай-ақ гендерді құқықтық тұрғыда тану үшін мәжбүрлі зарарсыздандыру талаптарын алып тастау, сонымен бірге, ЛБКТ жиын бастамлаары мен бірлестіктерге құқықтар мен бастамаларды жүзеге асыру, тіркеуден бас тарту секілді кедергілерді болдырмау мәселелері көтерілді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, «Феминита» қорының өкілдері әйелдердің саясат пен шешім қабылдау, тыйым салынған мамандықтар тізімі, конвенцияны ұлттық заңнамада жүзеге асыру және ұлттық сотта қолдану барысы туралы сөз еткен.

«2019 жылдың 11 қарашасында өткен сессия қорытындысы бойынша комитет Қазақстанның бесінші шолуына қатысты келесідей қорытынды ескертулер жасады», делінген қордың ресми парақшасында.

Ал, follow up процедуралары аясында комитет Қазақстан тарапынан ұсыныстарды орындау жөнінде ақпаратты белгіленген мерзімде беруге шақырды. Тарқатып айтар болсақ, заң деңгейінде және практикада «жынысты хирургиялық өзгерту» бойынша міндетті процедураларды жою, әйелдерді еңбекпен қамтамасыз етуде тыйым салынған мамандықтар тізімін алып тастау туралы өтініш жасапты.

Айта кетейік, биыл наурыз айында “Феминита” Комитеттің пре-сессиясына көлеңкелі есепті табысты тапсырған болатын. Өз кезегінде «феминиталықтар» қолдау танытқан IWRAW Asia Pacific, COC Netherlands және ILGA World ұйымдарына алғыс білдіреді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған