ЕҚЫҰ мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы талқылауды қолдауда

Қазақстанда инклюзивті қоғам құру тақырыбына арналған дөңгелек үстел ЕҚЫҰ қолдауымен Нұр-Сұлтанда өтті.

Дөңгелек үстелді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы бірлесіп, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

50-ге жуық қатысушы, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің өкілдері, БҰҰ мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны орындау мәселелерін талқылады.

Пікірталас мүгедектерге қол жетімді ортаны дамытудың негізгі индикаторлары және мүгедектердің қоғамдық және саяси өмірге толық қатысуы мен қосылуына септігін тигізудегі мемлекет қабылдаған бағдарламалар мен басқа шаралар тақырыбы аясында жүргізілді.

Финляндиядан келген сарапшы дамушы елдердегі мүгедектердің мүмкіндіктерін кеңейту, олар қатысатын іс-шараларды жоспарлау және құқықтарын алға жылжыту бойынша тәжірибелермен бөлісті. Іс-шарада сондай-ақ менталды денсаулығы бұзылған азаматтардың құқықтары жайындағы ЕҚЫҰ қолдауымен жасалған талдаудың қорытындылары мен ұсынымдары келтірілді.

Іс-шара Бағдарламалық офисінің адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ұлттық деңгейде ілгерілетуге бағытталған қызметінің бөлігі болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған