ЕО Орталық Азиядағы радикализация мен дезинформацияға қарсы тұру үшін тәуелсіз БАҚ-ты нығайтады

Нұр-Сұлтан, 18 қараша 2019 жыл – ЕО қаржыландыратын «Орталық Азиядағы радикализация мен жалған ақпаратқа қарсы тұрақтылықты күшейту» жобасы (II кезең) Нұр-Сұлтанда басталды. Жобаны Интерньюс халықаралық коммерциялық емес ұйымы жүзеге асырады. Іс-шараға жергілікті және халықаралық серіктестер, мемлекет өкілдері, танымал бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам сарапшылары жиналды, олар Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық топтарымен радикалды идеялардың таралуын және дезинформацияны болдырмауға бағытталған бірлескен ұлттық және аймақтық бастамалар бойынша белсенді ынтымақтасуға дайын.

Өзінің кіріспе сөзінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон «нәтижелі экстремистік жалдаудың маңызды элементтерінің бірі жеке адамдар мен қоғамдастықтарды радикалдандыру және жалдау үшін әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігі мен теңдессіз пайдаланылуы» деп атап өтті. Елші Карлссон ЕО өткен жылдары Интерньюстің 2018-2019 жылдары іске асырылған «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікке ықпал ету» жобасын (I кезең) қолдайтынын атап өтті. Бұл жергілікті қоғамдастықтарға радикализация әрекеттері мен факттарын бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін оң шешім қабылдауға көмектесу үшін дәл, сенімді және теңдестірілген, сапалы мазмұнды шығаруға бағытталған. «Сөз және БАҚ бостандығын қамтамасыз ету Еуропалық Одақтың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, еркін, алуан түрлі және тәуелсіз ақпарат құралдары кез-келген қоғамда пікір білдіру бостандығы мен адам құқығын ілгерілету және қорғау үшін өте маңызды», – деді Карлссон.

Іс-шара барысында Интерньюс І кезеңнің жетістіктері мен нәтижелері туралы ой жүгіртті және оның қолдауымен әзірленген және жарияланған медиа жобаларды көрсетті. Бұған деструктивті қозғалыстардан зардап шеккен және оңалтудан өткен азаматтар туралы Қазақстаннан алынған бірқатар материалдар, Қазақстан мен Өзбекстанның медиа мамандары мен азаматтық белсенділер бірлесіп жүзеге асырған «Суретке салынған тағдырлар» жобасы кірді. Бақтыгүл Бурбаева, медиа-маман, жобаның мүшесі: «Жоба аясында біз өзбекстандық әріптестерімізбен бірге «Суретке салынған тағдырлар» жобасын жүзеге асырдық. Қазақстан мен Өзбекстанның көркемөнер университеттерінің 200-ден астам студенті радикализм қаупі туралы комикстерді шығаруға тартылды. Қазір көптеген білім беру ұйымдары бұл комикстерді оқу құралы ретінде пайдаланады және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша комикстер шығаруды жалғастыруды сұрап жатыр».

Шара барысында «Үміт сәулесі» жобасы ұсынылды. Жобаны Қазақстан мен Тәжікстанның журналистер тобы бірлесіп жүзеге асырды, бірақ ол өзінің инновациялық форматына байланысты ерекшеленеді. Бұл қақтығыс аймағынан оралған және қазіргі уақытта оңалту бағдарламасынан өтіп жатқан әйел туралы алғашқы мобильді интерактивті бейнефильм. Жалпы сюжеттік желілерден басқа, көрермендер әртүрлі діни терминдер туралы көбірек біліп, белгілі сарапшылардың толық ақпараттары бар арнайы беттерге апаратын фильмдегі «қалқымалы» сілтемелерін басу арқылы сарапшылардың пікірін ала алады.

Іс-шара барысында Еуропалық Одақ қаржыландыратын I кезең жобасы Орталық Азия елдеріндегі 400-ден астам БАҚ мамандары мен баспасөз қызметкерлеріне жанжалдарды қатысты 240 сағаттық тренинг өткізуге қолдау көрсеткені айтылды. Жобаның суб-грант схемасы 38 идеяны қолдады және қаржыландыруға 170 000 евродан астам қаражат ұсынды, нәтижесінде теледидар, радио, баспа және интернет-БАҚ-та 100-ден астам контент жасалды. Жобаның аймақтық шаралары тұрақтылықты, бейбітшілікті және бұқаралық ақпарат құралдарын сыни тұрғыдан тұтынуды насихаттайтын және бұқаралық ақпарат құралдарын шабыттандыратын және инновациялық іс-әрекеттерді дамытуға ықпал етті. «Үш нүкте» жобасының интернет-медиа сауаттылығы науқанына кем дегенде 100 000 адам қатысады, олар Facebook, Instagram, YouTube, Telegram және Одноклассники арқылы 3,5 миллионнан астам адамға қол жеткізеді. Нақтырақ айтсақ, жобамен 355 әйел айналысады.

Интерньюс жобасының директоры Фарход Рахматов өзінің баяндамасында жобаның екінші кезеңінің негізгі мақсаттары мен қызметтерін атап өтті. Рахматов мырзаның айтуынша, жоба «бұқаралық ақпарат құралдарына, азаматтық қоғам ұйымдарына, үкіметтік институттарға, діни көшбасшыларға және Орталық Азиядағы белсенді азаматтарға қолдау көрсету арқылы радикализация факттар мен дезинформацияға азаматтардың тұрақтылығын күшейтуге» бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, Интерньюс 2019-2021 жылдарғы жаңа кезеңінде мүдделі тараптармен байланыс орнатады, олардың құрамына Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы БАҚ мамандары, азаматтық белсенділер, мемлекеттік институттар, дін және қоғам қайраткерлері және белсенді азаматтар кіреді (мысалы, жастарға арналған контент  шығаратын және әлеуметтік медиа арқылы тарататын блогерлер мен қоғам белсенділері).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған