Ақтөбелік журналистерге медициналық сақтандыру жайлы тренинг өтті

Медиа-тренерлер Медет Аматов пен Ольга Каплина семинар өткізді, деп хабарлайды TILSHI.KZ.

Елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетін күн жақын. Қазір жер жерде халықты жаңа жүйе туралы ақпараттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Маңыздысы, тұрғындарға түсінікті, қарапайым тілде ақпарат жеткізу қажет. Ол үшін тіпті, спикерлерді шешендік өнер мамандары оқытып, дайындап жатыр.

Қазанның жетісі күні Ақтөбеде «МӘМС туралы бұқараға сөз сөйлеу» тақырыбында медициналық мекеме мен медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалы өкілдеріне арналған тренинг өтті. Оны Қазақстанда танымал тренер Медер Аматов жүргізді.

Семинарға қатысқандар көпшіліктің алдында қысылмай сөйлеу, ойларын анық жеткізу, жүйелі сөйлеу қыр-сырларына үйренді.

Сондай-ақ, келесі күні медиа-тренер Ольга Каплина жергілікті БАҚ өкілдеріне «Медициналық сақтандыру бойынша соңғы медиа трендтер» тақырыбында семинар өткізді. Онда журналистер тақырыпты ашып жазу, мақалаға халықтың назарын аудару, оқырман, көрермендерді тартудың заманауи әдіс-тәсілдеріне үйренді. Тренингтерге қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған