Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл басынан бері 35 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады

 Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жалақысын төлеу берешегі бар 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Оларға 4,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды «Тілші» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2019 жылы республиканың 1594 кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,6 мың жұмыскердің алдында 5,3 млрд.теңгеге жуық жалақы бойынша берешектерін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 178 ұйғарым беріліп, 123,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 35 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,7 млрд теңге төленді.

Жалпы, а.ж. басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 443 тексеру жүргізді, ҚР еңбек заңнамасының 8,9 мыңнан астам түрлі бұзушылықтары анықталып, 253 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған