CPJ украиналық журналист Георгий Гонгадзені өлтірген Пукачты босатпауын сұрады

16 қыркүйекте Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists, CPJ) бұрынғы милиция генералы Алексей Пугачты босатпауын Украина билігінен сұрады.

Украина ішкі істер министрлігі сыртқы бақылау департаментін басқарған Алексей Пукачты сот 2013 жылы қаңтарда Георгий Гонгадзені өлтірді деп танылды. Журналист 2000 жылы 16 қыркүйекте жоғалып кетті. Екі айдан соң оның басы кесілген денесі Киев облысы Тараща қаласына жақын маңдағы орманнан табылды.

Пукач бірнеше жыл бойы қарама-қайшы мәлімет беріп келді. Алты жыл бойы ол өмірлік түрме жазасына шағым түсірген. Оның кассациялық арызын Жоғарғы сот 9 қазанда қарайды. Пукач бостандыққа шығуы мүмкін.

«Қанды кісі өлімінен он екі жылдан соң, Гонгадзені өлтіргенін мойындаған адам бостандыққа шығуы мүмкін. Украина билігі бұған жол бермеуі керек», – деді CPJ ұйымының Еуропа және Орталық Азиядағы үйлестірушісі Гулноза Саид.

Пукач бұйрықты жоғарыдан, негізінен бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Кравченкодан алғанын айтқан.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған