CPJ президентті сынағаны үшін сотталған өзбек блогерін босатуды талап етті

«Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) Өзбек президентін әлеуметтік желіде сынағаны үшін он тәулікке сотталған блогерді тез арада босатуды талап етті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің абыройына кір келтірді деген айыппен 12 қыркүйекте Нодирбек Хожиматов ұсталған. Кейін оған азаматтық құқық бұзды деген айып тағылды. Бірақ Өзбекстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, түрме жазасы қарастырылмаған, тек 950 долларға дейін айыппұл салынады.

Хожиматов Facebook парақшасында президенттің атына ашық хат жариялап, жергілікті екі шенеунікке коррупция бойынша тергеу жүргізуді талап еткен. Ол Әндіжан облысы мен Шахрихан ауданы әкімдері таяуда ғана президент қолынан алған марапатқа лайық емес деп санайды.

«Соңғы жылдары Өзбекстан билігі сөз бостандығы жағдайын жақсартуға шаралар қолданып жатыр. Бірақ соған қарамастан блогер Нодирбек Хожиматовтың ұсталуы сын үшін жазаланады дегенді білдіреді, – деді CPJ қорының Орталық Азия және Еуропа бағдарламасы бойынша үйлестірушісі Гульноза Саид.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған