Варшавада Душанбе сөз бостандығы ахуалы үшін сынға алынды

ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен адам құқықтары бойынша жиыны тәжік үкімет мүшелері мен қуғындағы оппозиция өкілдерінің пікір алмасу алаңы болды, деп хабарлайды «Тілші» сайты centralasian.org-ке сілтеме жасап.

ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен адам құқықтары бойынша жиыны тәжік үкімет мүшелері мен қуғындағы оппозиция өкілдерінің пікір алмасу алаңы болды.

Жиынның алғашқы күнінде Тәжікстан президентінің көмекшісі Зариф Ализода елінде адам құқықтары бойынша заң базасын бекітіп, БҰҰ-ның бұл бағыттағы құжаттарын ратификациялағанын айтты.

Ал Тәжікстанның еркін ойлаушылар өкілдері атынан қатысқан, қазір Польшада тұратын Махмуджон Файзрахмон адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тәжік дипломаттары мен ресми өкілдердің мәліметтері шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.

«Тәжікстан – белсенділер мен қарапайым азаматтар әлеуметтік желіде «лайк» басқаны үшін қорқатын ел», – деді ол. Махмуджон Файзрахмон Тәжікстанда тыйым салынған «Исламның қайта жаңғыруы» партиясының басшысы Мухиддин Кабиридің сұқбатын көріп, оны өз парақшасына жариялағаны үшін, былтыр мамыр айында 9,5 жылға сотталған Алижан Шариповты еске салды. Сот оны «экстремизм және конституциялық құрылымды бұзуға шақырды» деген айып бойынша кінәлі деп тапты.

ЕҚЫҰ жиынында сөз сөйлеген тәжік оппозиционерлері соңғы кездері Тәжікстанда еркін ойлы журналистердің «аузын жабуға» тырысып, қуғындап жатқанын көтерді.

ЕҚЫҰ Тәжікстанды бірнеше рет адам құқықтарын жақсартуға, оның ішінде сөз еркіндігін сақтап, журналистердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырған.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған