«Абайдың 175 жылдығы»: Опера әншісі Дина Атамқұлова Мәскеу мен Санкт-Петербургте концерт береді

Халықаралық конкурстардың лауреаттары Дина Атамқұлова (сопрано) мен Қуат Бағысбеков (тенор) қазан айында Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында концерт береді, деп хабарлайды «Тілші» әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Viva, Musica!» кешінде ресейлік фортепианошы Мария Чернова сүйемелдейтін болады.

Бағдарламада әлем және қазақ классиктерінің туындылары – ариялар мен операдан дуэттер, Верди, Моцарт, Пуччини, Чайковский және қазақ композиторларының шығармалары орындалады.

Концертті Ресейдің еңбегі сіңген артисі Мария Романова жүргізеді.

Ақын, ағартушы Абайдың 175 жылдығына орайластырылған концертке Ресейдегі ҚР елшілігі қолдау танытып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған