Жанар Хамитова қайтыс болды

«Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Әбу Кай Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Сене алар емеспін. Ардақты ағайын… Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық… Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын…», – деп жазды ол.

View this post on Instagram

Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын… Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді ЖАНАРДАН айырылып қалдық… Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз ЖАНАР ХАМИТОВА! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын… #ӨміргеКелгеніңРасКеткеніңРасҚалғаныӨтірік #ЖанарХамитова #ЖаныңЖаннаттаБолсын

A post shared by 𝐀𝐁𝐔.𝐊𝐀𝐈 𝐀'𝐥𝐡𝐚𝐦𝐝𝐮𝐥𝐢𝐥𝐥𝐚𝐡 𝐀𝐪𝐭𝐨𝐛𝐞 (@abu.kai) on

Айта кетейік, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді.
Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған