Шешенстан мемлекеттік телеарнасы эфирінде «дуагерді» тәртіпке салды (видео)

Шешенстан ислам медициналық орталығының бас дәрігері Адам Эльжуркаев билік «дуагер» деп айыптады. Сюжет «Грозный» телеарнасында 11 қыркүйекте көрсетілді, деп жазады centralasian.org.

Секинат Ибрагимованы республиканың Надтеречный ауданында ұстаған. Ол дуалау тапсырысынан қайтып келе жатқанын мойындаған.

Ибрагимованың бірқатар заты тәркіленген: құлып, кілт, мола топырағы, белгісіз тілде жазылған қағаз, адамдардың суреттері.

«Дуагерлер терроризм, ваххабизм, есірткіге әуестіктен де қауіпті. Адамдар ауруханаға жылдар бойы қаралып, ауру түрін анықтай алмай жүреді. Өйткені оларды дуалап қойған», – деді діндар Адам Эльжуркаев.

Эльжуркаев мұндай әйелдерді кісі кейпіндегі шайтан деп атап, Секинат тозаққа түседі деп мәлімдеген.

Секинат жасаған ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған. «Мен теріс жолға түсіп кеттім. Мен – ласпын. Менен лас адам жоқ. Шайтаннан безермін. Маған өтініш жасамаңдар», – деп мәлімдеді Секинат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған