АҚШ-та General Motors компаниясының 50 мың жұмысшысы ереуілге шығып жатыр

АҚШ автомобилистері кәсіподақ бірлестігі General Motors компаниясының сағаттық төлем бойынша жұмыс істейтін 49 мың жұмысшысы ереуілге шығады деп мәлімдеді.

Компания басшылығымен ұжымдық келісім-шарт жөніндегі келіссөз тығырыққа тірелген. Reuters агенттігі General Motors жұмысшыларының жалпыұлттық акциясы соңғы 12 жылда бірінші рет болып жатыр деп хабарлады.

Follow News@follownews_com

UAW Contract with GM Expires; Strike Possible Sunday Night https://follownews.com/5xje1 

Посмотреть изображение в Твиттере

Жексенбі күні General Motors клиенттеріне қызмет көрсететін 850 адам ереуілге шығатынын жариялаған.

Кәсіподақ Огайо мен Мичиган штаттарындағы құрастыру өндірісін жабу туралы жоспарына қарсы күресіп келеді. Сонымен бірге жұмысшылардың айлықтарын көтеруді талап етіп жатыр. Кәсіподақ мәліметі бойынша, соңғы жылдары General Motors Солтүстік Америкада рекордтық деңгейде табыс тапқан.

entralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған