Әкім және министр кезінде халыққа жақын болған Сапарбаев Назарбаевтан мақтау естіді

Бірнеше облыс пен еңбек министрлігін басқарған Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан мақтау естіді, деп хабарлайды «Тілші».

Билік партиясының кеңейтілген отырысында Назарбаев кабинетте отырмай, халықпен тығыз байланыс орната білген Сапарбаевты өзгелерге үлгі етті.

«Тұрғындармен кездесу керек. Сұрақтарына жауап беру керек. Алайда, бізде халықтың алдына шығудан қорқатын әкімдер мен министрлер бар», – деді Елбасы.

Назарбаев сонымен бірге күні кеше премьер-министр орынбасары болып тағайындалған Сапарбаевты жаңа қызметімен құттықтады.

«Тілші»

фото: Baribar.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған