«Қазақстан теміржолы» компаниясының пара алған қызметкерлері сотталды

«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ Қостанай облысындағы филиалының директоры Б.Қайдаровқа, орынбасары Н.Құрманалиновке және Қостанай стансасы бастығының орынбасары А.Алматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды.

Алматов, Құрманалинов және Қайдаров топ болып вагондарды теміржолдың тұйықталған басына жеткізу үшін заңды және жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен жүйелі негізде пара алған.

20 тамыз күні Қостанай қаласы №2 соты Қайдаровты 6 жылға, Алматов пен Құрманалиновті 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады.

Сотталушылар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған