Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Тілші» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын», – делінген Тоқаевтың жарлығында.

Бұған дейін вице-премьер қызметін Гүлшара Әбдіқалықова атқарған болатын. Ол депутат мандатын алды.

Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан бастап премьер-министрдің орынбасары болды.

inform.kz, sputniknews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған