Зеленский «қысымға ұшыраған ресейліктерге» азаматтық беретін жарлыққа қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский Украина азаматтығын алу шарттарын жеңілдететін жарлыққа қол қойды. 13 тамызда жарияланған құжатқа сай, Ресейде саяси көзқарастары үшін қысым көрген ресейліктер Украина азаматтығы жеңілдетілген жолмен ала алады. Бұдан бөлек, Украинаның ұлттық қауіпсіздігі мен елді қорғаған шетелдіктер де Украина төлқұжатын алуға мүмкіндігі бар, деп жазады «Азаттық».

13 тамызда Ресей президенті Владимир Путин де Ресей азаматтығын ала алатын украиналықтардың санатын кеңейткен. Бұл құжатқа сай, Донецк және Луганск облысының барлық тұрғыны Ресей паспортын алуына болады. 24 сәуірде Путин сепаратистер бақылауындағы аймақтың тұрғындарына Ресей азаматтығын алуды жеңілдеткен.

Ресми Мәскеу үш айдың ішінде Донбастың жеті мың тұрғыны Ресей азаматтығын алғанын хабарлады. Украина, Еуропа одағы және Канада Путин ұсынған бұл төлқұжатты заңсыз деп таныған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған