Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсіруді жоспарлап отыр

Танымал продюсер тағы бір кино түсіруді бастап кеткен сыңайлы. Бүгінде Мақсатқызы кастинг жариялап жатыр, деп хабарлайды «Тілші».

Баян Мақсатқызы алдымен салмағы 75-90 келі болатын 20-30 жас аралығындағы аруды іздесе, араға аз уақыт салып, жасы 30-дан аспаған, XXXXL өлшемді жігітке іздеу жариялады.

«Егер киноға түсу ниетіңіз болса, кастингте күтеміз» деп жазды продюсер.

Алайда, продюсер туынды желісі туралы ештеңе жазбаған. Түсірілім жұмыстарының қашан, қайда болатыны туралы да ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы түсірген сериалдар отандық арналарда әлі күнге көрсетіліп келеді. Ал үлкен экранда көрсетілген фильмдері қалың көпшіліктің көңілінен шығып жүр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған