Экологтар соңғы 40 жылда елімізде 1,7 млн киік басы жойылғанын айтып дабыл қақты

Мамандар сонау сексенінші жылдары Қазақстанда 2 млн-нан астам киік болғанын, бүгінде шамамен небары 300 мың бас қалғанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды «Тілші». Киік атушылар бүгінде браконьерлерге де шабуыл жасай бастағаны белгілі. Киік санын нақтылау үшін бүгінде құзырлы орындар мен қоғамдық ұйымдар да бас қатырып отыр.

Бүгін Елорда маңында киік санағын жүргізетін аппарат сынақтан өтті. Каспий Құбыр Консорциумы тарту еткен ұшатын қондырғы айналаны шолып өтіп, жануарлар санының есебін жүргізетін болды.

Шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен киік санын есептеуге арналған жабдықты қайырымдылық аясында тарту еткен Каспий құбырлар консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин қатысты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінде браконьерлермен белсенді күрес жүргізіліп келетінін жеткізді.

«Киік басы санын аман алып қалу күн тәртібінде тұрған мәселе. Орман қорына да шабуыл жасалып келеді. Осы күресте жаңашылдықтарды пайдалануымыз керек. Табиғат аялаушылары таяуда киіктердің мойнына тағатын қарғыбау тарту етті. Жануардың қай бағытта қозғалатынын қадағалап отыру үшін таптырмас құрал», – деді министр.

Бүгінде Қазақстандағы киік басы саны 334 мың шамасында.

Ал, Каспий Құбыр консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдиннің айтуынша, 80-ші жылдары Қазақстанда 2 миллион киік болса, бүгінде олардың саны күрт азайып кетті. Ал, көрші елдерде жануардың киелі саналатын осы түрі мүлдем жойылып кеткен.

«Сондықтан, бұл іске ғалымдар да, эколог мамандар да, бизнес өкілдері де бір кісідей жұмылуы керек. Киік басы санының есебін жүргізетін мұндай аппараттар алдағы уақытта тағы алынатын болады. Мұндай аппараттар шет мемлекеттерде, соның ішінде көршілес Ресейде де кеңінен қолданылады», – дейді Каспий құбырлар консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин.

Қанатының ұзындығы 3 метрден асатын қондырғының салмағы 12 келі. Ол әуеде шамамен 5 сағатқа жық уақыт қалықтап, 90 шақырым жердегі көріністі фото, видеоға түсіре алады.

Ұшқышсыз ұшу аппараты «Киелі киік» бірлескен бағдарламасы аясында Каспий Құбыр консорциумы қаражатына алынған.

«Сондықтан, бұл іске ғалымдар да, эколог мамандар да, бизнес өкілдері де бір кісідей жұмылуы керек. Киік басы санының есебін жүргізетін мұндай аппараттар алдағы уақытта тағы алынатын болады. Мұндай аппараттар шет мемлекеттерде, соның ішінде көршілес Ресейде де кеңінен қолданылып, жануарлар басын есептеуде таптырмас құрал. Қанатының ұзындығы 3 метрден асатын қондырғының салмағы 12 келі. Ол әуеде шамамен 5 сағатқа жық уақыт қалықтап, 90 шақырым жердегі көріністі фото, видеоға түсіре алады», – дейді консорциум өкілі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған