Қазылар алқасының күдігін тудырған Украина әншісі «Бақытта бала» байқауында қазылық етті

«Димаш Али» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбеде өткен «Бақытты бала» фестивалінде украиналық танымал әнші Аида Николайчук қазылық етті, деп хабарлайды «Тілші».

Осымен Ақтөбеде екінші рет халықаралық деңгейде өтіп жатқан шараға «Х фактор» шоуының жеңімпазы Украинадан арнайы шақыртылған.

Аида Николайчуктың ерекше дауысы кезінде қазылар алқасының күдігін тудырған болатын. «X-фактор» шоуының қазылар алқасы «сапалы фонограммамен өнер көрсетті» деген оймен ән орындап тұрған жерінен тоқтатып, қайта тыңдаған еді.

Украина әншісінің ғаламторда кеңінен тараған видеосы бүгінге дейін 7,5 млн рет қаралған. Аида Николайчик байқауда Полина Гагаринаның «Колыбельная» әнін орындаған болатын.

Украинаны танымал әншісі  Одесса қаласында қарапайым отбасыда дүниеге келген. Ата-анасының музыкаға қатысы жоқ. Оған әншілік қасиет әжесінен дарыса керек. Аиданың өзі де осы күнге дейінгі жетістігі әжесінің арқасы деп біледі.

Айта кетейік, «Бақытты бала» байқауы 10-14 шілде аралығында Ақтөбеде өткен болатын. Оған 9 мемлекеттен 20 орындаушы қатысты. Қазылар алқасының құрамында Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Марат Әйтімов, тағы басқа танымал өнер адамдары болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған