«Фотоотчет үшін емес, халықтың алғыс отчеті үшін жұмыс істейік!»: блогер Маминге үндеу жасады

«Халықтан қаша бермей, шықсаңыздаршы ел алдына. Өз халқыңыздан өздеріңіз қорғанып не көрінді? Бүкіл түркі әлемін билеген Сұлтан Сүлеймен де халықтың ортасында жүрген ғой!», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек полицейлер мен күзетшілер Арыс тұрғындарын үкімет басшысы Асқар Маминге жолатпағанын айтып, премьер-министрдің өзіне үндеу жасады, деп хабарлайы Sn.kz ақпарат порталы.

«Құрметті Үкімет басшысы Мамин мырза! Арыс халқының тұрғындары өз әкімдеріне кіріп мұңын айталмай жүр. Құрылыс жұмысын 21 күн күткен халық сізбен жолығып шерін тарқатқысы келген. Жергілікті атқарушы органдар, өздерінің жұмыстарын керемет көрсету үшін қызыл кілем төселген жерлерге апарады. Халықтан қаша бермей, шықсаңыздаршы ел алдына. Өз халқыңыздан өздеріңіз қорғанып не көрінді? Бүкіл түркі әлемін билеген Сұлтан Сүлеймен де халықтың ортасында жүрген ғой!», – деп жазды Айгүл Орынбек Facebook-парақшасында.

Осылайша, ол халық пен биліктің арасында байланыс болмағандықтан түрлі митингілердің көбейіп кеткенін айтты.

«Аптасына бір рет келіп тұрамын» деп айтыпсыз. Ендеше әкімдерге айтпай келіңізші, қолыңыздан ертіп жүріп, халықтың проблемасы шығып тұрған жерлерге апарайын. Мықты ел болу үшін халықтың проблемасын уақытылы, ұйымдастырған түрде шешіп үйренейік! Әйтпесе, халық пен биліктің арасы қатты алшақтап кеткен! Соңы жақсылыққа алып келмейді! Фотоотчет үшін емес, халықтың алғыс отчеті үшін жұмыс істейік!», – деп сөзін қорытындылады блогер.

фото: SN.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған