Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телерадиоарнасының директоры болып тағайындалды

«Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен танымал тележурналист Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» облыстық телерадиоарнасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tilshi.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын «Аtyray» облыстық телеарнасынан бастады.

Әр жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қалың көрерменге «Жаңалықтар», саяси-сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасының тізгіншісі ретінде танымал.
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған