Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Игорь Крутой Иманғали Тасмағамбетовке жолдады

Танымал композитор, Ресей халық әртісі Игорь Крутой Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Димаштан қабылдап, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовке жолдады, деп хабарлайды Tilshi.kz. Игорь Крутой Абайдың өлеңін орыс тілінде оқыды.

Домбырашы Ерлан Рысқалидің тоғыз жастағы қызы Ләйлім-Шырақ жолдаған эстафетаны алдымен президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабыл алып, Димашқа бағыттаған болатын. Димаш оны миллиондаған фанаттары мен Ақтөбе облысы басшысы Оңдасын Оразалинге, сонымен бірге, соңғы уақытта шығармашылық байланыс орнатып жүрген Игорь Крутойға жолдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған