Тоқаевтан қабылдаған марафонды Димаш Игорь Крутой мен миллиондаған жанкүйеріне жолдады

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Қасым-Жомарт Тоқаевтан қабыл алған өлең оқу эстафетасын Димаш Құдайберген миллиондаған жанкүйері мен ресейлік композитор Игорь Крутойға жолдады, деп хабарлайды Tilshi.kz. Бұл туралы әнші инстаграм желісінде жария етті.

«Қазақстан Республикасының президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым», – деген Димаш Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңін оқып берді.

Әнші сонымен қатар, бұл эстафетаны Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой мен Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалинге жолдайтынын жеткізді.

View this post on Instagram

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым. #dears -тарға жолдаймын. #Abai175 ____________________ С большим уважением я принял эстафету прочтения стихов от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, посвященный 175-летию великого мыслителя и поэта Абая. В свою очередь я передаю эстафету акиму Актюбинской области – Ондасыну Сейиловчу Уразалину, Народному артисту Российской Федерации Игорю Яковлевичу Крутому, и моим дорогим #dears. ____________________ With great respect I accepted the challenge from Kasym-Zhomart Tokayev, the President of the Republic of Kazakhstan, devoted to 175 anniversary of Abay, the King of Kazakh literature, to recite a piece of great poet's verses. I throw down a challenge to contribute to making the verses of Abay known to the world to the governer of the Aktobe region – Ondasyn Seiyluly Orazalin, music composer of the Russian Federation – Igor Yakovlevich Krutoy, , and to My #Dears

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

«Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама, РФ халық әртiсi Игорь Крутой ағамызға және менің тыңдармандарым dears-тарға жолдаймын», – деп жазды Димаш.

Өз кезегінде, Димаштың фанаттары бұл марафонды қуана қабылдап жатыр. Тіпті, қазақ тілінен өзге ағылшын, орыс тілдерінде де өлең оқуға дайын екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл марафонды домбырашы Ерлан Рысқалидің оқушы қызы жолдаған болатын.

фото: Sputniknews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған