Медициналық сақтандыруда негізгі қаражат емханаларға беріледі

Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсететін емханалардың қаржысы 40-50%-ға дейін ұлғаяды.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова мәлімдеді.

Қазақстандықтардың денсаулығын арттыру үшін 2020 жылдан бастап алдын-алу шараларына зор мән беріледі. Негізгі қаражат алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекке жұмсалады.

«Емханаларға төленетін қаржы мөлшері 30%-ға, ал жедел жәрдемге төленетін қаражат 24%-ға артады. Кеңес беру-диагностика қызметтерінің ақшасы 5 есе көбейеді. Бұл медицина қызметерін одан әрі қолжетімді етеді», – деді Гүлмира Қожаниязова.

Қаржының көбеюі арқасында бұрын ақылы болған қызметтерді тегін етуге мүмкіндік береді. Көп қаражатқа жеке клиникалар да қызыға бастайды. Осылайша, бәсекелестік күшейіп, сапа артады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған