Еңбек министрлігі: Әрбір бесінші қазақстандық әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алып келеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мемлекет бюджеттен төленетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың 39 түріне кепілдік береді.

«Мәселен, 2018 жылы 3,8 млн. адам (халықтың 20,9%) жалпы сомасы 2,5 трлн. теңгені құрайтын жәрдемақы алған болса, 800 мың адамға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бөлінетін 190 млрд. теңге төленді», – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат көлемі 379 млрд.теңгеге өсіп, 2,9 трлн. теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 27%-на тең.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың сөздерін келтіреді:

«2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін, ал 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысы 30% – ға дейін арттырылды»

Белгілі болғандай, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда арттырылған жалақы алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған