ШҚО-да ерекше балалармен жұмыс істейтін 6,5 мың педагогқа үстемақы төленбей келген

ШҚО прокуратурасы мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізіп, 6,5 мың мұғалімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін қосымша ақы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды «Тілші».

«Базалық еңбекақыға 40% қосымша төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдары аралығында берешек 87 млн.теңгеден асқан», – делінген өңірдегі қадағалау органы таратқан баспасөз хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге бүгінгі күнде 14 млн теңгеден астам ақы төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған